Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінді

 Қазақстанда коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражат нақты қандай бағытта жұмсалады? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Оның 40 млрд 58 млн теңгесі – Үкіметтің резервінен аударылып отыр.


«Осы қаражаттың 21 млрд 184 млн теңгесі - жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 млрд 30 млн теңгесі - дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 млрд теңгесі - зертханалық құрылғыларды, коронавирусты анықтайтын жүйелерді сатып алуға, 100 млн теңгесі – коронавирусты анықтайтын реагенттерді әзірлеу мен шығаруға, 13,7 млрд теңгесі – ПТР-тест әдісімен зертханалық зерттеулер қызметіне, 310 млн теңгесі – жедел жәрдем көліктеріне отандық өндірістегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, 131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалады», - деді Алексей Цой.


Министр сонымен қатар республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд теңгесі – медициналық, инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарда медициналық қызмет көрсетуге, 40,4 млрд теңгесі карантин шараларын өткізуге жұмылдырылған азаматтандарды ынталандыруға, 14,8 млрд теңгесі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларындағы инфекциялық ауруханалар кешенін салуға жұмсалатынын жеткізді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді