Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

81 оқушы қазақ тілінен республикалық олимпиада жеңімпазы атанды

81 оқушы қазақ тілінен республикалық олимпиада жеңімпазы атанды
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша барлығы 81 оқушы жүлделі болып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Тағы 29 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ерекше жетістіктері үшін» грамотасына ие болды.Екі жеңімпазға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шәкәрім атындағы университетінің білім гранттары табысталды.

«Олимпиада кезінде балалардың тұратын және білім сайысы өткізілетін жерде қоғамдық тәртіптің сақталуы, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО-ның барлық құрылымдары қарқынды жұмыс жасады. Қатысушылардың жататын орындары мен тамақтануының санитарлық талаптары ескеріліп, қауіпсіздік басты назарда болды. Олимпиадаға республиканың әр түпкірінен 169 оқушы қатысты. Олар қазақ тілі білімі мен қазақ әдебиеті шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы мен  публицистикалық еңбектері бойынша сайысқа түсті. Оқушылардың білімін ғалымдар мен жетекші жоғарғы оқу орындарының оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы бағалады», – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Сондай-ақ, қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Айта кету керек, Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.











скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты