Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де “Ұлы дала батырлары” кітабының тұсауы кесілді

ІІМ-де “Ұлы дала батырлары” кітабының тұсауы кесілді


ІІМ-нің мұражайында “Ұлы дала батырлары” деп аталатын жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Ол Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен майдангерлер мен бүгінгі бейбіт заманның батырларына арналады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықтамалық-энциклопедиялық жинақ “Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер ұйымы” Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, сонымен қатар ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолдауымен жарыққа шықты.

Шараға әйгілі ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров пен бұрынғы ішкі істер министрі, Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов қатысты.

– Бұл келесі ұрпаққа үлкен өнеге. Осындай ерліктің арқасында, осындай азаматтардың арқасында бүгін егемендікті алып, үлкен бір жарқын мемлекет болып, дамып жатырмыз. Мен өз атымнан, сондай-ақ әріптестерімнің атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Халық қаһармандарына тағзым етіп, кітап шығару бастамасын көтерген ұжымға алғысымды білдіргім келеді, – деді министр Марат Ахметжанов.

– Біздің ұлы дала батырларын ұмытпай, еске алып, тарихты жинап, кітап шығарғандарыңызға рақмет! – деді Тоқтар Әубәкіров.

Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – ертең жоқ. Халқымызға бейбіт күндерді сыйлаған батырлардың өмірінен сыр шертетін кітаптың тұсауын кесу мәртебесі құрметті қонақтарға берілді.

– Мұндай кітаптар бірінші кезекте біз үшін емес, жастарымыз үшін, жеке құрам үшін және жалпы мемлекетіміздің жас буынына арналады, – деп атап өтті Халық қаһарманы, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов.

Шара барысында ІІМ ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ведомство мұражайына тарихи энциклопедияны сыйға тартты.

Ер есімі – ел есінде. Аталарының ерлігіне құрметпен қарап, алдынғы буын ағаларының батылдығына тамсанған жас қызметкерлер қонақтардан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді