Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Халық батыры – Жұбан» жинағының тұсауы кесілді

Ақжайық өңірінде ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарының иегері, белгілі қоғам қайраткері, «Мен – қазақпын!» деп жаһанға жар салған Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Алдымен ақын ескерткішіне гүл қойылып, ақын рухына тағзым етілді. Аталмыш алаңда «Қазақ барда – Жұбан рухы мәңгілік» поэзия кеші өткізілді. Сонымен қатар мерекелік шаралар аясында «Халық батыры – Жұбан» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов, аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы, Мәдениет саласының үздігі, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оразаева Шолпан Қуанышқалиқызы, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», ардагер-ұстаз, ақын Үзілдік Елеубайқызы және түрлі жас шамасындағы кітапхана оқырмандары мен аудан тұрғындары қатысты.


Шара барысында ақын рухына тағзым етіліп, ақынның төл туындылары және Жұбан ақынға арнаулар оқылып, естеліктер айтылды. Аталмыш шара Жұбан орталығында жалғасын тауып, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», жұбантанушы, ақын Үзілдік Елеубайқызының құрастыруымен ақын туған өңірдің келбеті мен қасиетті мекендері туралы, туған топырағы, өсіп-жетілген ортасы, әдеби шығармашылық өнерінің қалыптасуы туралы жазылған «Халық батыры – Жұбан» атты Жұбантану жинағының тұсауы кесілді. Жинақты жарыққа шығаруға ақын атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Шолпан Оразаева және Ақжайық ауданы әкімдігі қолдау көрсеткен.

Педагогика ғылымының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Светлана Меңдіғалиқызы аталмыш кітаптың білім ордаларында әдеістемелік құрал ретінде қолданылып, барша Қазақ еліне таралғанын қалайтынын жеткізді. Шара соңында аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, Үзілдік Елубайқызына алғыс хат табыс етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті