Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Gosagro.kz: Фермерлерге 75,4 млрд теңге субсидия төленді

Gosagro.kz: Фермерлерге 75,4 млрд теңге субсидия төленді
Фото: pixabay.com

Gosagro.kz порталында еліміздің барлық өңірінен фермерлер субсидия алуға 20 мыңнан астам өтінім берді. Жалпы сомасы 24,5 млрд теңгенің өтінімі төлеуге мақұлданып, «күту парағында» тұр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің резервке қойылған өтінімдер бойынша 2022 жыл үшін фермерлердің алдында берешегі болды. Бүгінгі таңда инвестициялық субсидиялау және Ауыл шаруашылығы басқармасының өнімдерін қайта өңдеу бағыттары бойынша 20,4 млрд теңге қарыз төленді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 355-тен астам қаржы институттары (АНК, ҚАҚ, ЕДБ, несиелік серіктестіктер) тіркелді, қазірдің өзінде олар 2 160 өтінім берді, оның ішінде 11,9 млрд теңге төленді.  18,6 млрд теңгеге өтінім мақұлданып, төлемін күтіп отыр.

Осылайша, жаңа gosagro.kz жүйесі арқылы 75,4 млрд теңге сомасына өтінімдер өңделді, мақұлданды және ішінара төленді.

Айта кетейік, АШМ жақында электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу бойынша талаптарды алып тастады, сондай-ақ жыл соңына дейін егістіктерді цифрландыру бойынша деректерді пайдалануды кейінге қалдырды, бұл минералды тыңайтқыштарға субсидияларды беру процесін едәуір тездетеді. Алайда, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін фермерлер осы алқаптарды құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп бекітетін болады.

Сондай-ақ кейбір өңірлер, оның ішінде Алматы, Атырау, Маңғыстау, Абай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстары тыңайтқыштарды субсидиялаудың тізбелері мен нормалары туралы қаулыларды әлі бекітпегені туралы хабарлаймыз.  Пестицидтерді субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер тек екі өңірде - Қостанай және Павлодар облыстарында ғана қабылдана бастады. Ал Қарағанды облысында өтінімдерді қабылдау 4 мамырда басталады.

Министрлік өз тарапынан бірнеше рет жергілікті атқарушы органдарға осы бағдарламалар бойынша қаржыландыруды уақтылы ашу үшін тиісті қаулыларды бекітуді жеделдетуді ұсынған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді