Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда бес колледж лицензиясыз жұмыс істеген

Елімізде бес колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде айтылды. Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблемалар анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл елімізде 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау шараларынан бұрын олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж және Теміртау жоғары политехникалық колледжі", – дейді Комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.

Аттестаттаудан өтпеу себептері – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (салаға сай мамандар емес, тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.

Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспар дайындаудағы қателіктердің орын алуы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты