Алматыда “альпинист” ұры қолға түсті, – деп жазады kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Түркістан облысынан келген 34 жастағы азамат өнеркәсіптік альпинистік құралдың көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонап келген.
– Күдікті ұсталғанға дейін Асқаров көшесіндегі 21 қабатты үйдің 12-қабатында орналасқан пәтерлердің біріне “кірген”. Ол арқанмен шатырдан түсіп, терезені сындырып, тұрғын үйге кірген. Терезенің ар жағындағы бейтаныс адам көрші пәтерлердің тұрғындарының күдігін тудырмаған: олар терезе жуушы жұмыс істеп жатыр деп ойлаған. Күдікті бөтеннің пәтерінен 3 млн теңге болатын үй иесінің мүлкін жымқырған. Біраз уақыттан кейін оны қаланың криминалдық полициясы, Әуезов аудандық полиция басқармасы және полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері ұстады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) тіркелген қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар, оның ішінде өндірістік альпинизмге арналған құрал-жабдықтар тәркіленіп, тіркелді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.