Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда арнайы операция барысында 5 миллион теңгенің мүлкін ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматыда Райымбек даңғылында орналасқан ательеден бес миллион теңгеге жуық мүлік ұрланды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы. 

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, оқиға күндіз, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта орын алған. Белгісіз адам еркін түрде кеңсеге кіріп, сол жерден мүлікті ұрлап, жалпы сомасы 4 млн 700 мың теңге болатын материалдық шығын келтірген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктілер полицияның арнайы жасағының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде қаладағы базарлардың бірінде ұсталды", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдіктілердің екеуі де Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың жасы 25 пен 29-да. Қазір күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді