Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көлікті ұрлап, Жаркентте сатып жіберген күдіктілер ұсталды

Алматыда Уәлиханов көшесінің бойындағы көлікті ұрлап, оны Жаркентке сатып жіберген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер Уәлиханов көшесінің бойында тұрған Toyota көлігін ұрлап кеткен. Күдіктілерді ұстау іс-шарасын қаланың криминалдық полициясы Медеу аудандық полиция басқармасы жедел уәкілдерінің белсенді көмегімен жүргізді. "Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 36 жастағы О. есімді азамат көліктерді ашып, рөлге отырған. Ал 26 жастағы С. есімді азамат және 39 жастағы А. есімді азамат – сыбайластар. Тергеу шаралары барысында күдіктілердің ұрлап кеткен көлікті Жаркент қаласында сатып жібергендігі анықталды.

Сатып алушыны көліктің құжаттарының жоқтығы таңқалдырмаған. Бірақ кейінірек көлік табылып, тәркіленді және заттай айғақ ретінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Айтпақшы, негізгі күдікті мүліктік қылмыстар – ұрлық және тонау жасағаны үшін үш рет сотталған, ал сыбайластарының бірі Қылмыстық Кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша жазасын өтеген.

"Қазір полиция қызметкерлері ұсталған адамдардың жеке басын бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр", – делінген хабарламада. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты