Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылы 5G байланысы кейбір облыс орталықтарында пайда болады

2023 жылы 5G байланысы кейбір облыс орталықтарында пайда болады
Фото: gov.kz

2023 жылы ҚР ЦДИАӨМ республикалық маңызы бар қалаларда және кейбір облыс орталықтарында 5G ұялы байланысының жаңа буынын енгізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала мен Астананы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60% -ды құрайды.

5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.        

Бұл өз кезегінде жалпы экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, сондай - ақ елге жаңа инвестициялар мен технологиялық әзірлемелер әкеледі», – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Жылдам ақпарат алмасу және үлкен көлемдегі деректерді беру қауіпсіз байланыс пен мониторинг жүйелерін құруға мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, маңызды инфрақұрылымды басқару және ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды.

Сондай-ақ, КЖҚ желісін салу арқылы қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті