Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар жаңа жылды жаппай жүгірумен қарсы алды

«Жаңа жылдық жарыс – 2022». Дәл осындай атаумен еліміздің түкпір- түкпірінде бұқаралық жүгіру акциясы өтуде. Аталмыш акцияны алғашқылардың бірі болып елордалық спорт әуесқойлары бастады. Жаңа жыл түнінде пандемияға қарсы жаппай  жүгіру жарысы  шаһардың сол жақ жағалауындағы "Қазақ елі" монументі алаңында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Екі жүзге жуық салауатты өмір салтын қолдаушылар қатысқан «Жаңа жылдық» жүгіру жарысының негізгі қашықтығы 2022 метрді құрады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов,  ҚР Мәдениет және спорт вице-министріСерік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы  Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, 2022 метрді жарыс қатысушыларымен бірге бағындырды. 

Ералы Тоғжанов барша жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шара бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтіп, жарысты өзі бастап берді.

Ал бүгін, бұқаралық іс-шара еліміздің бірқатар өңірлерінде жалғасын тапты. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылған жүгіру жарыстарына бес мыңға жуық адам қатысты.

«Спорттық жарыс тамаша өтті. Жаңа жылды дәл осылай қарсы алғаныма қуаныштымын. Мен жүгірумен және скандинавиялық жүріспен айналысамын. Спорт-денсаулық кепілі. Баршаңызды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырамын»- деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлзифа Әбілева.

Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы сынды жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді