Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылу маусымына дайындықты тексеру жөніндегі комиссия отырысында бірқатар шешімдер қабылданды

1 желтоқсанда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы. 

Отырыс барысында үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылған. Жиын қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілген: үш күн ішінде барлық энергия нысаны кешенді, соның ішінде техникалық жағдайына қарай қауіптілік тұрғыдан топтарға бөлу.

Неғұрлым осал жылу электр орталықтары мен жылу желілері бойынша меншік иелері, әкімдіктер мен министрліктер арасында бірінші кезекте атқарылатын іс-әрекет жоспарын дайындау; өңірлерде жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың іс жүзінде дайындығын тексеру үшін жедел топтар құру; Қаржы министрі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әрбір заңды тұлғаның тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасына талдау жүргізіп, капиталды сыртқа шығару ықтималдығын тексеру; уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейтіп, жылумен және электрмен қамтамасыз ететін нысандардың меншік иелерінің жауапкершілігін арттыру үшін салалық заңдар мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін өзгерістер әзірлеу.

Айта кетейік, мемлекет басшысымен тапсырмасымен Екібастұздағы ЖЭО-дағы апаттан кейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеретін арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссияға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады