Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат орын алды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат орын алды
Фото: instagram.com/gkx_ridder

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.

«Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, ҚазАқпарат тілшісі Риддер тұрғындарын сөзге тартып көрді.

«Қазір үйлерімізде жылу жоқ. Далада ауа температурасы да төмендеп кетті. Тезірек жылу қосылса екен», - дейді Бақытгүл есімді қала тұрғыны.

Еске салсақ, осыған дейін Риддердегі жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті