Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығында болған төтенше жағдай салдарын жою үшін мамандар сол жерде 4 тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. "Өңірде ірі өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлері ЖЭО-ны бірқатар учаскеге бөлді. Әрбір маман өз учаскесінде жабдықтың жай-күйіне аудит жүргізуде және қажетті жұмыстар бойынша ұсыныстарды айтуда. "Риддер ЖЭО" басшылығы жабдықтар жұмысындағы ақауларды анықтау үшін еш шара қолданбаған.
Сондықтан "Казцинк" ЖШС, "Өскемен жылу желілері" АҚ, "Өскемен ЖЭО", "Казвзрывпром", ШҚ АЭК-ден шақырылған мамандарға олардың жұмысын істеуге тура келуде", - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. Орталық бүгін үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етеді. Ал 15 қарашаға дейін ЖЭО жұмысын толығымен тұрақтандыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, ЖЭО-дан басқа, қалада үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуді қадағалайтын 12 мобильді энергия бригадасы құрылды.
9-11-2022, 15:26
Риддерде жылу электр орталығын реттеу жұмыстары жалғасуда
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз