Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр - кардиолог

Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр - кардиолог
Фото: elements.envato.com

Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.

Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.

"Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады. Біздің негізгі контингентіміз 60-70 жастан асқан, бірақ кейінгі кездері жүрек ауруларының әртүрлі түрімен ауыратындар жиі кездеседі. Негізгісі, артериялық гипертензия – бақылаусыз, саны көп. Тағы бірі инфаркт - стресс, эмоционалдық күйзеліс, зиян сусындарды шамадан тыс тұтынудан организмді шамадан тыс жүктеудің салдары. Бізге энергетиктерді қолданғаннан әртүрлі жүрек ауытқуы бар науқастар жиі келеді", - дейді Алматы Кодасбаев.

Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді дейді маман.

"Өндірушілер бұл сусын ағзаға зиян деп санамайды. Анамнез жинау кезінде пациенттер энергетикалық сусындарды асыра пайдаланғанын айтады. Жүрек соғу жиілігі өзгереді, жалпы патология байқалады. Энергетикалық сусындарға тыйым жоқ, бірақ әрбір денсаулығын қадағалайтын адам жақсы жарнамаға қарамастан, энергетикалық сусындардың ағзаға зиян екенін білуі керек", - дейді кардиохирург.

Маман жаман әдеттерден бас тартуды, салауатты өмір салтын ұстануды, жейтін тағамның сапасын қатаң бақылауды ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты