Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда әскери бөлімнің құрылған күні аталып өтілді

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің  ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және әскери бөлім жеке құрамы қатысты.    
1995 жылы 20 ақпанда Орал қаласындағы қоғамдық тәртіп пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 5517 әскери бөлімі құрылған болатын. Сол күннен бері 20 ақпан бөлімнің мерекелік күні болып тойланып келеді. Бүгінде әскери бөлімнің жеке құрамы әдеттегідей бөлімнің 28 жылдық мерей тойын кең көлемде атап өтті.

5517 әскери бөлімінің 28 жылдығына арналған іс – шара Қазақстан Республикасының әнұранын шырқаумен басталды.
- Бүгін мен үшін өте ерекше күн себебі біздің әскери бөліміміздің құрылғанына 28 жыл толып отыр, әрине бұл аз уақыт емес. Біздің әскери бөлім жеке құрамы тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінде өздеріне бекітіліп берілген жауынгерлік тапсырманы абыроймен атқарып келеді. Сондай – ақ әскери бөліміміз  мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған міндетті сенімді атқарып Ұлттық ұлан әскерінің даму жолында өз үлесін қосуда. Біздің әскери қызметкерлерде өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен атқаруда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық осы әскери бөлімге еңбегі сіңген ардагерлерімізді, жалпы жеке құрамды осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Отанымыздың өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне толағай жетістіктер тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын, – деді 5517 әскери бөлім командирінің уақытша міндетін атқарушы подполковник Думан Галеев.
 
Сонымен қатар, іс-шара қонақтары сөз сөйлеп, бөлімнің жеке құрамын айтулы мерекелерімен құттықтады. Бұдан басқа мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталып, іс – шара Жастар мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады