Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде қызмет атқаратын  әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында 6656 әскери бөлімінің тәрбие бөлімінің офицерлері мен бөлімнің әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында орналасқан  «Балбөбек» сауда орталығында «Жаңа жылдық қарбалаң» атты балалар шыршасы өткізілді. Жаңа жылдық шыршаға бөлім командирінің орынбасары майор Асқар Маугазин арнайы қатысып, баларды келе жатқан 2023 жаға жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жыл әр бір баланың асыға күтетін мерекесі екенін атап өтіп, өзінің ыстық лебізін жеткізді.

Шырша шамын жағуға асыққан әскерилердің балалары Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қарсы алып өздерінің дайындаған тақпақтарын, әндері мен билерін ұсынды. Өз кезегінде Аяз ата мен Ақшақар өздерін асыға күткен балаларға сыйлықтарын шашу етті.

Әскери бөлім командирі атынан жаңа жылдық шыршаға қатысқан барлық балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады.  

Бөлім тарапынан келген құттықтау тілектер мен сыйлықтарға қарық болған балалармен және олардың  ата-аналары әскери қызметшілерге өз ризашылығын білдіріп, ел қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі.

 

Ертуған Әубакир

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды