Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда соңғы 5 жылда интернеттегі алаяқтық көрсеткіші 10 есеге өсті

Сенатор Амангелді Толамисов еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында интернеттегі алаяқтық деректерінің таралуына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда интернеттегі алаяқтық көрсеткіші 10 есеге өсті. Бұған күнделікті өмірде цифрлық желілерді кеңінен қолдану себеп болып отыр. Сондықтан жеке адамдардың аты-жөні және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері сияқты мәліметтер пайдакүнемдік мақсатта пайдаланылуы мүмкін.


«Атап айтқанда, еліміздегі банктердің смартфондарға арналған қосымшалары мен сайттары кез келген азаматқа ЖСН және жеке куәлік нөмірі бойынша салықтар мен айыппұлдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтардың дербес деректерін заңсыз пайдалануға әкелуі мүмкін. Азаматтардың құқық қорғау органдарына осындай жағдайлармен жүгінуін мысалға келтіруге болады», - деді Амангелді Толамисов.

Депутаттың сөзіне қарағанда, ЖСН болған жағдайда салық берешегінің, банкроттықтың болуы, өндіріп алушының аты-жөні мен ЖСН және сот орындаушысының ұялы телефоны нөмірі туралы мәліметтерді алуға болады. Елімізде дербес деректерді бергені үшін заң жүзінде жауапкершілік көзделгеніне қарамастан, заң талаптары тиісті түрде сақталмай отыр.

«Азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, интернет және телефон арқылы алаяқтық әрекет жасауға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажет. Атап айтқанда, киберқылмысқа, оның ішінде азаматтардың жеке деректерін пайдаланып істелетін қылмыстарға кешенді талдау жүргізу керек», - деді Амангелді Толамисов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты