Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сенатор сапасыз интернетке айыппұл сомасын арттыруды ұсынды

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында цифрландыру саласындағы проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Дата орталықтар (деректер өңдеу орталығы) мен серверлер халықаралық стандартқа сәйкес емес немесе мүлде жоқ. Білім және ғылым, денсаулық, әлеуметтік, экономика салаларында кешенді қашықтан оқытудың LMS, ERP платформалары толыққанды жұмыс істемейді», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.


Сенатор қалалық және ауылдық елді мекендердегі сапалы интернетке қатысты алшақтық туралы да айтты. Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты интернетке тіркелсе, ауылдық жерлерде 100 адамның тек 8-і ғана желімен қамтамасыз етілген. Сенатор цифрландыру саласының жай-күйін одан әрі жақсарту үшін бірқатар ұсыныс айтты.


«Реттеуші тарапынан интернет сапасы бойынша талаптарды қатаңдату және айыппұл сомасын ұлғайту жөнінде қолданыстағы заңнамаларға ұсыныстар берулеріңізді сұраймыз. Ірі цифрлық хабтар салу, жоғары дәрежелі IT-кадрларды даярлау бойынша қажетті шаралар атқаруды ұсынамыз», - деді сенатор.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады