Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында әйел 2 сәбиін сатып жіберген

Батыс Қазақстан облысында тұратын әйел Атырау қаласына келіп бір емес, екі сәбиін сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысынан Атырауға келіп, нәрестесін сатып жіберген әйел туралы жазған едік. Атырау облыстық Полиция департаментінен сол кезде мәлім еткендей, 32 жастағы әйел күйеуіне баланың қайтыс болғанын айтып, сәбиін сатып алатын адам іздеген. Солай, екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынғанына баласын ұстатып жіберген.

«Қазір күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел мен баласына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Бала сатуға байланысты куәгерлерден жауап алынды», - деген еді Атырау облыстық Полиция департаментінен.

Рolisia.kz мәліметіне сүйенсек, аталған әйел бір емес, екі сәбиін сатып жіберген.

«Атырау облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1 және 2 жасар сәбилерін сатып жіберген Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген Рolisia.kz хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады