Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Денесі Ақсу өзенінен табылған әйел жөнінде жаңа ақпарат пайда болды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері денесі Ақсу өзенінен табылған әйелге қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды polisia.kz. 

Еске сала кетейік, биыл 10 қазанда Түрікстан облысы Төлеби ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінен белгісіз адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Кейін сараптамадан соң оның әйел адам екені анықталған еді. Полицейлер қаза тапқан әйелдің жеке басын да анықтаған. Ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шыққан. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының полиция басқармасына әпкесінің хабар-ошарсыз кеткенін айтып, туыстарының да арызданғаны белгілі болған. Басылымның жазуынша, қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төлеби ауданының тұрғынын ұстаған.

"Белгілі болғандай, қылмысқа - ақшалай қарыз себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қайтыс болған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазады медиа портал. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді