Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Десантшылар оқу полигондарында жаңғыртылған техника мен жаңа тактиканы меңгеруде

«Қазақстан», «Жетісу» оқу-жаттығу полигондарында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің минаатқыштар есептоптарын үйлестіру аяқталды. Онда артиллеристер жаңғыртылған техниканы игеру, нысанаға тиген кезде тактикалық іс-қимылдарды пысықтау және жауынгерлік атыстың дәлдігін қамтамасыз ету тапсырмаларын орындады.

– Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар бізді артиллерияның ату және маневр жасау мүмкіндіктерін арттыру үшін жұмыс істеуге міндеттейді. Осы мақсатпен біз минаатқыштарды өтімділігі жоғары жеңіл автокөлікке орнаттық. Жол талғамайтын көліктер әуе көлігімен тасымалдауға және парашютпен қонуға жарамды. Бұл артиллериялық есептоптардың жауынгерлік мүмкіндіктері мен ұтқырлығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары полковник Ерлан Әліқұлов.

Бөлімшелерді даярлау барысында артиллериялық барлауды ұйымдастыру мен десанттық-шабуылдау бөлімшелері оқу атуды түзетушілерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мәселелеріне де баса назар аударылды.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың талдауы соққы бергеннен кейін позицияны жылдам өзгерту тактикасының өзектілігін көрсетіп отыр. Бұл ретте өтімділігі жоғары жол талғамайтын көліктің базасында артиллерияны пайдалану оң шешім болып табылады.

Полковник Е. Әліқұловтың айтуынша, жақын арада әскерлерде «Фагот» танкке қарсы зымыран кешенін қолдана отырып, практикалық атыс жүргізу жоспарланған.

Минаатқыштар есептоптарының жол талғамайтын көліктер мен «Фагот» кешенін пайдаланудағы іс-қимыл алгоритмін игеруін бағалау биылғы көктемде өтетін «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында жүзеге асатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді