Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Батыс-2021»: Қазақстан мен Ресей десантшылары бірлескен тапсырмаларды орындады

«Батыс-2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі жалғасуда. Ресей Федерациясының «Мулино» полигонында Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің және Ресейдің Әуе-десанттық әскерлерінің бөлімшелері елдімекенді шартты қарсыластан азат етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Десантшылар Ми-8АМТШ армиялық авиация тікұшағынан қону тәсілімен десант түсіруді орындады. Әскери контигенттер нақты әрі үйлесімді іс-қимыл жасай отырып, елдімекендерде қарсыластан қорғануды және оған жақындап ұрыс жүргізіп, атыс нысандарын жойды.

Әскери тікұшақтар қарсыластың нысандарына соққы беріп, тактикалық десант түсіру іс-қимылын қолдады. Тапсырмаларды орындауда атыс аймағының көрінбеуі, маневрдің және бөлімшелерді басқарудың күрделілігі қиындық тудырды.


Қорытындылай келе, оқу-жаттығудың басшылығы Қазақстан мен Ресейдің десанттық-шабуылдау батальондарының командирлері гвардия майоры Асқар Мұхит пен гвардия подполковнигі Иван Яровенко басшылық еткен қосымша бөлімшелердің іс-қимыл үйлесімділігін атап өтті.

Аталған іс-қимылға 300-ден астам десант, 10-нан аса әскери авиация тікұшағы жұмылдырылды.


Беларусь елінің Брест полигонында Қазақстан, Беларусь және Ресейдің әскери контингенттері Ил-76МД ұшақтарынан түнде десант түсіруді орындады. Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес 1500 метр биіктіктен түнде көретін құрылғыларды пайдалана отырып, арнайы жасақ десант түсіруге арналған алаңдарды басып алды. Олар жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға бірден кірісіп кетті.

Естеріңізге сала кетсек, «Батыс – 2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы Ресей және Беларусь елдерінің әскери полигондарында бір уақытта өтуде. Бұл бірлескен маневрлер заңсыз қаруланған құрамалармен күресуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады