Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұрат Бектанов Қазақстанның қорғаныс министрі болды

Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Қазақстанның қорғаныс министрі болып тағайындалды, -деп хабарлайды kazlenta.kz. Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды. Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Бектанов Мұрат Кәрібайұлы 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік қазақстан облысы Соколовка ауылында дүниеге келген.

1989-1997 жылдары мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі болған.

1997-1998 жылдары штаб бастығы - ШОБ командирінің орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері ретінде қызмет етті.

2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері ретінде кірді, 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды.

2007-2013 жылдары Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды, 2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты