Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілуде

Құрлық әскерлері бірқатар жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі, әскери қызметшілердің жаңа жағдайда, бейтаныс жерде әрекет ету қабілеті , деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ақтау маңындағы «Оймаша» полигонында бөлімшелер мен бөлімдер арнайы әскери операция өткізді. Тапсырмаларды орындау кезінде әскерлерді басқару мәселелері пысықталып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа түрлері мен әдістері қолданылды.

Алматы облысындағы «Көктал» тау полигонында шартты заңсыз қаруланған құрамалар жойылды. Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басшылығымен тау жоталарының жетуі қиын учаскелерінде барлау-іздестіру іс-қимылдары жүргізілді. Десантшылар Шекара қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, содырлардың жаруы ықтимал бағыттары бойынша мемлекеттік шекараны күзетуді күшейтті. ТЖМ, Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимылда босқындар лагерлері ашылып, қажетті инфрақұрылым құрылды.

Шығыс Қазақстандағы «Шығыс» полигонында күшейтілген механикаландырылған бригада маневрлік қорғанысты жүргізу, сондай-ақ бөлімшелерді қоршаудан шығару тапсырмаларын орындады.

Әуе қарсыласының соққыларын тойтаруға, бүркемелеуге, ұйымдасқан түрде жоспарланған қорғаныс шептеріне орын ауыстыруға, қарсыластың айналып өтетін және рейдтік жасақтарын жоюға ерекше назар аударылды.

Қызылорда облысындағы «Тереңөзек» полигонында барлаушылар қарсыластың объектілерін анықтау және елдімекен маңында содырларды жою кезінде авиация соққыларын және артиллерия атысын дәлдеп түзету мәселелерін пысықтады. Тікұшақтардың көмегімен барлау топтары шартты қарсыластың тылына қонды. Барлаушыларды қауіпсіз жерлерге көшіру шаралары да қатар ұйымдастырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау сапасы командирлердің қысқа мерзімде неғұрлым оңтайлы шешім қабылдау қабілетіне байланысты.Қарулы Күштердің Бас штабы командалық құрам мен әскерлердің даярлық деңгейін бағалайды.

Әскерлерді қауырт тексеру 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұған 9 мыңға жуық жеке құрам, 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 корабль қатысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты