Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілуде

Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды. Мұның соңғы кезеңі роталық тактикалық оқу-жаттығулардың жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекеттік басшысының жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бас штабта Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

Сонымен қатар, әскерлерді оқытуда жеке құрамның жауынгерлік машығын жетілдіруге бағытталған өзгерістер қазірдің өзінде енгізілуде.

Ротаны дайындау барысында әскери қызметшілердің елді мекендер мен таулы жерлерде заңсыз қарулы топқа қарсы епті және үйлесімді іс-қимыл жасап, шартты қарсыласты барлау және жою үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға баса назар аударылады.

Арнайы операция жүргізу мәселелерін пысықтау кезінде басқа әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және іс жүзінде тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

– Рота дегеніміз елді мекенде заңсыз қарулы топтарға қарсы жауынгерлік іс-қимыл жүргізетін негізгі буын. Сондықтан әскери қызметшілер де, командирлер де құбылмалы жағдайда сенімді бағдарлап, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана алуы аса маңызды, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады