Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жаңа мемлекеттік мерекені атап өту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов палатаның жалпы отырысында 12 желтоқсанды ресми түрде Алаш күні деп белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп жазады kazlenta.kz.

Берік Дүйсембинов өз өтінішін премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Ол 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейхановтың Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын, оған "Сарыарқа" газетінде жарияланған мақала дәлел екенін атап өтті. "Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Естеріңізге салсам, біз 29 маусымда бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өту туралы депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Алайда, бұл мәселені бізге салалық министрліктерге жолданғанын хабарлап еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да назардан тыс қалды", — деді мәжіліс депутаты. Депутат тарихи әділеттілікті орнататын күн келгенін мәлімдеді.
"Тарихты жаңа ұрпаққа насихаттау мақсатында 12 желтоқсанды Алаш күні ретінде тарихи құжаттармен расталған Алаш Республикасының құрылған күні деп ресми түрде белгілеп, оны жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұраймыз", — деп түйіндеді Берік Дүйсембинов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді