Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Несие портфелі және оның сапасы: бір айда не өзгерді?

Биылғы 1 қарашада ҚР ЕДБ несие портфелі 22,71 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 1,8% артық (жылдық өсім 23,9%), деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


ForteBank еліміздің ең үздік он кредитор-банктеріндегі несиелер көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша абсолютті көшбасшы болды: бірден 5,8% көбейіп, 1,15 трлн теңгеге жетті. Банктің өсу динамикасы жыл басынан бері ҚР мен әлемдегі экономикадағы барлық дағдарыстық құбылыстарға қарамастан 18,7% өсті, ал бір жыл ішінде портфель айтарлықтай 35,8% ұлғайды. Банктің танымал несиелік өнімі — кепілсіз несие. Несиені ForteBank мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болады. 26 желтоқсанға дейін акция бар: 100 мыңнан 7 млн теңгеге дейін несие берген барлық клиенттер арасында апта сайын 1 млн теңге ұтыс ойынатылады.


Елдегі ірі банктер арасында ай сайынғы өсім бойынша екінші орынды Отбасы банкі иеленді: 3,9% көбейіп 2,85 трлн теңгеге жетті. Бұл мемлекеттік даму мекемесі еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақтары мен тұрғын үй несиелеріне маманданған жалғыз банк.

Үшінші орында Еуразиялық банк: қазан айында 3,1% көбейіп 1,09 трлн теңгеге жетті.


Айдың қорытындысы бойынша 10 ірі кредитор-банктер ігінде тек 8 қаржы институты ғана оң өсім көрсетті, ал барлық 21 ҚР ЕДБ-нің ішінде 14-і ғана көрсеткіштерін көбейтті.


Портфель сапасына келер болсақ, 90 күннен артық кешіктірілген қарыз (NPL 90+) қазан айында 0,08 п. т. көбейіп, сектор бойынша жалпы 3,68% болды, өткен айда көрсеткіш 3,6% болған еді (бір жыл бұрын 4,05% еді).


ҚР ЕДБ-нің өсу қарқыны бойынша алғашқы үштігінде жағдай келесідей: ForteBank портфелінің сапасының жалпы шамалы нашарлауы аясында NPL 90+ үлесі 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді (4,66%). Бұл сектордағы ай сайынғы ең жақсы көрсеткіш. Еуразиялық банкте, керісінше, кешіктірілген берешек үлесі аздап өсті — 0,04 пайыздық тармаққа (6,6%-ға дейін). Отбасы банкінде бизнес-модельдің арқасында төлемақы төлеу деңгейі тұрақты түрде төмен болып қалып отыр, қаржы институтының несие портфелінің 0,1%-нан аз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда