Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Несие портфелінің сапасы: қай банктер көш бастап тұр, ал кімдер аутсайдер?

Несие сапасы банктің сенімділігі мен тиімділігінің негізгі критерийлерінің бірі. Биылғы жылдың 1 тамызында ҚР ЕДБ жиынтық несие портфеліндегі кешіктірілген берешек 1,53 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,9% көп. Он ірі кредитор банкте тек 3 ЕДБ кешіктірілген қарыз азайды, деп хабарлайды kazlenta.kz


Bank RBK топ-банктер арасында кешіктірілген несиелермен күресте ең жақсы көрсеткішке ие: бір жылда бірден 48%, небәрі 34,8 млрд теңгеге дейін азайтты. Бір айдың ішінде қаржы институтының кешіктірлген несиесін тағы 6,8% төмендетті. Төлем мерзімі кешіктірілген несиелер банктің несие портфелінің 4,5%-ын ғана құрайды, айтпақшы, кешіктірілген төлемдердің азаюы аясында несие портфелі бір жылда 31,5%-ға өсті.


Екінші орында ЦентрКредит Банкі. Мұнда бір жыл ішінде кешіктірілген қарыз 4,8% азайып, 93 млрд теңгені құрады. Бұл банктің несие портфелінің 5,5%-ын құрайды. Үздік үштікті ForteBank жабады: 3,2%, 80,5 млрд теңгеге дейін азайды. Кешіктірілген несиелер банктің несие портфелінің 7,4%-ын құрады. Алғашқы ондыққа кіретін ҚР-ның қалған 7 ЕДБ-де кешіктірілген несиелер керісінше өсті.

Жалпы сектор бойынша 90 күннен астам кешіктірілген қарыз (NPL 90+) көлемі бір жылда 1,1% өсті. Көрсеткіш қазірдің өзінде 828 млрд теңге. Жылдық динамика бойынша ірі банктердің ішінде тек 4 ЕДБ өз көрсеткіштерін жақсартты.


NPL 90+ төмендеуі бойынша Bank RBK көш бастады: бір жылда бірден 66,2%, небәрі 17,8 млрд теңгеге дейін азайды, банктің несие портфелі 778,2 млрд теңге. Екінші орында Halyk Bank (21,3% азайған), одан кейін ЦентрКредит Банкі (20,4% азайған) және ForteBank (2% азайған). Алдыңғы ондыққа кіретін қалған барлық кредитор банктер жылдық динамика бойынша нашар несиелерді керісінше көбейтіп алды.


Ескерту: Bank RBK, Halyk Bank несиелік портфель сапасы бойынша ірі банктердің үштігіне кіреді. Bank RBK-дағы NPL 90+ үлесі несиелердің жалпы көлемінің небәрі 2,3%, Halyk Bank-те 2,1% құрайды. Сектордағы ең сапалы портфелі бар үшінші банк — мемлекеттік Отбасы банк (портфельдің 0,1%-ы ғана).


Жалпы сектор бойынша кешіктірілген несиелердің несие портфеліндегі үлесі бір жыл бұрынғы 7,5%-бен, бес жыл бұрынғы 18,9%-бен және он жыл бұрынғы 35,3%-бен салыстырғанда 7,1%-ды құрап жақсарды. Өз кезегінде, ең қауіпті NPL 90+ несие портфелінің 3,8%-ын құрады, бұл бір жыл бұрынғы 4,8%-бен, бес жыл бұрынғы 12,8%-бен және он жыл бұрынғы 31,5%-бен салыстырғанда жақсы. ҚР ЕДБ жиынтық несие портфелі 21,55 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,3% артық.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті