Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде алаяқтар көшедегі бейтаныс адамдарды қылмысқа тарта бастады

Алматы полициясы көше алаяқтары туралы тұрғындарға ескерту жасады. Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының мәліметінше, қаскөйлер қала тұрғындарының сенгіштігі мен ақкөңілділігін пайдаланады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, алаяқтар бейтаныс адамның жанына келіп, басына түскен оқиға жайлы баяндай бастайды. "Мысалы жас жігіт ықтимал құрбанына жақындап, өзінің басына түскен қайғысы туралы хабарлайды. Бейтаныс адам өтіп бара жатқан адамнан карточкалық шотын пайдалануға рұқсат сұрайды. Себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек. Шындығында, аударымды жіберуші - қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сенгіш адамның есепшотына ақша аударады. Алаяқтың құрбаны ешнәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді.

Oл өзі де байқамай, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысушы болып шығады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Алматы полициясы өзіңізді және мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін бейтаныс адамдарға және қандай оқиға айтса да сенбеуге, бейтаныс адамдарға карталық шотты манипуляциялауға жол бермеуге және жеке деректерді үшінші адамдарға бермеуге шақырады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді