Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында он жыл құлдықта болған малшы табылды

Жетісу облыстық полиция департаменті он жыл бойы шаруа қожалығы иесінің құлдығында болған азаматты іздеп тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ресми Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады kazlenta.kz

22 қарашада әлеуметтік желіде ер адамның бейне хабарламасы шықты, видеода ол соңғы 10 жыл ішінде Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеген. Полицейлер видеоның авторы - Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғынын іздеп тапты. Ер адамның полицияға айтуынша, оның отбасы мүшелерінің құжатын жұмыс беруші заңсыз иемденген.

"Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни, шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу фактісі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында сондай-ақ өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексерілуде. Ер адам және оның қызына көмек көрсетілуде. Тергеу барысында ол Талдықорған өңірлік "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері Облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деп хабарлады облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді