Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әли Оқапов ата-анасымен түскен мұрағаттық суретпен бөлісті

Әнші Әли Оқапов желіде ерекше отбасылық суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Қалың көпшілік жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Әли Оқапов мұрағаттық фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Суретке әншінің кішкентай кезі бейнеленген. Онда ол ата-анасымен бірге отырғанын көруге болады.

"Кейбір суреттерді мың рет көрсең де, беретін әсері қайталанады. Ностальгия мен сағыныш жылдар өте келе күшейетіні сөзсіз. Кезінде фотоаппаратпен түскенді міндетті түрде фотосалоннан шығарып, альбомда сақтайтынбыз. Қазір ол әдет, өкінішке қарай, ұмытылды. Жарасымды жанұя", - деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары Әлидің Роза Рымбаева мен Тасқын Оқаповпен түскен суретіне жарыса пікір білдірді. "Әли әкең сені мақтан тұтады", "Асылдың тұяғысың, айналайын, Тасқын бауырым өнердегі үзеңгілесім еді. Шырағы сөнбейді өздерің барда, амандық тіледім", "Қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Тасқын ағамыздың жаны жәннатта болғай", "Әкесінің баласы. Қандай керемет сурет. Бұл нағыз ерекше естелік қой", " Әкеңіздің абыройын тек асқақтатып келесіз, Әли. Ата жолын жалғар саналы ұрпақтары көбейе берсін. Жаны пейіште екені сөзсіз", - деп жазды оқырмандар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады