Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда бір жасар баланың саусақтары үсіп қалды

Қарағандыда ауруханалардың біріне бір жасар баланың ата-анасы көмекке жүгінген. Олар сәбидің бір қолының саусақтары үсіп кеткенін айтқан, деп хабарлайды "Хабар 24". 

Телеарна мәліметінше, Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан адамдарды үсік шалу дерегі көбейген. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 42 пайызға артса, қараша айынан бастап 40-тан аса адам дене мүшелерін үсіріп алған. Мамандар олардың жартысынан астамы ауруханада ем алғанын айтады. Дәрігерлер мұндай азаматтардың 90 пайызға жуығы уақытылы дәрігер көмегіне жүгінбейді дейді. Нәтижесінде алты адамның аяқ-қолдарына ампутация жасауға тура келген.

"Облыс ауруханаларының біріне бір жасар баласы бар отбасы келген, олар бөбектің бір қолының саусақтары үсіп кеткенін айтқан. Ата-анасы корпоративтен қайтып бара жатып, баланың қолында қолғап жоқ екенін байқамаған. Абырой болғанда, ешқандай ота жасалмады, сәбидің қолын арнайы препараттарды егу арқылы сақтап қала алдық", - дейді ситуациялық орталық басшысы Ерік Шонбаев.

Еске салсақ, синоптиктер осы аптада ел бойынша 35 градусқа дейін аяз күтілетінін болжаған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді