Биылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша елімізде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау саласында 41 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,5% аз, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Анықтама үшін: өткен жылдың осы кезеңінде сала бойынша республика бойынша 59 құқық бұзушылық тіркелген, бір жылда 14,5% азайған. Айта кету керек, өрт қауіпсіздігіне байланысты құқық бұзушылықтар саны бесінші жыл қатарынан азайып келеді. Көбіне өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу Шымкент қаласында тіркелді: бір жыл бұрынғы 3 жағдаймен салыстырғанда биыл 6 жағдай тіркелді. Одан кейін Астана (былтыр 17 болса, биыл 5) және Ақмола облысы (былтыр мүлде болмаған, биыл 4 жағдай).
Саладағы құқық бұзушылықтар ҚР-ның 20 өңірінің 15-інде ғана тіркелген. Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Биылғы қаңтар–қазан айларында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 75 адам зардап шекті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,8% аз. Олардың көпшілігі әйелдер (48). Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында бір кәмелетке толмаған және төрт зейнеткер бар.
Онда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жыл басынан бері республикада 9647 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 249 адам қаза тауып, тағы 212-сі әртүрлі дәрежедегі күйік пен улану алғанын хабарлады.