Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақшаны заңдастыру: қылмыстық құқық бұзушылықтар бір жарым есеге өсті

Елімізде 2022 жылдың қаңтар–қазан айларында қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты 42 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 55,6% көп, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша секторда 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25% аз. Өңірлер бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен біріне жуығы Алматыда тіркелген: 13 оқиға — бір жыл бұрынғыдан бірден 2,6 есе көп. Одан кейін Алматы облысы (7 жағдай) мен Астана (6 жағдай).


Сектордағы құқық бұзушылықтар ҚР-ның 20 өңірінің 15-де тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтар жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл облыстарында тіркелген жоқ. Биылғы қаңтар–қазан айларында аталған құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп.


Мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді. Бір жыл бұрынғыдан 31,6% артық. Қалған 1 млрд теңге жеке тұлғаларға, 25 млн теңге заңды тұлғаларға келтірілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады