Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда саңырауқұлақ теруге шыққан тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті

Оралда орманға саңырауқұлақ теру үшін кетіп, қайта оралмаған тұрғын іздестірілуде. Ер адамнан 5 қарашадан бері хабар жоқ. Оны іздестіру жұмысына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 73 жастағы ер адам 5 қарашада үйіне оралмаған соң туыстары оны іздеуге көмек сұрап, 6 қараша күні облыстық ТЖД-ға жүгінген. Бұдан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған құтқарушылармен бірге, полиция қызметкерлерін, еріктілерді, жергілікті тұрғындарды, орманшыларды, әскери қызметкерлерді қоса алғанда жалпы саны 325 адам мен 41 бірлік техника жұмылдырылған. Жоғалған тұрғынды іздеп жүрген адамдар. Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі Ал қазіргі таңда жоғалған ер адамды іздестіру жұмысына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қосылған.

Әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген. Жоғалған ер адамды іздеуге шыққан әскерилер. Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі Туыстарының айтуынша, жоғалған ер адам алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілетінен айырылмаған. Бірақ өзімен бірге ұялы телефонын алмаған. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар қызметі жоғалған тұрғын жайлы қандай да бір ақпарат болса "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне немесе 51-42-22 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады