Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жағажайда демалып жатқан жас жігіт жоғалды

Павлодарлық полицейлер мен құтқарушылар еріктілермен бірге қаладағы орталық жағажайда демалып жатқан жерінен жоғалып кеткен 18 жасар жігітті іздестіріп жатыр. Жоғалған күні ол досымен бірге болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Досы жоғалған жігіттің қайтып келуін бір сағат күткен. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желіде хабарлады.

"Ол стадион жанындағы орталық жағажайда (жағажай футболы алаңы) басқа бір жігітпен бірге демалып жатқан және судан қайтып оралмаған. Жағажайда адам көп болған, алайда оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", - дейді еріктілер.

Еріктілер таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған жігіттің досы оны жағада бір сағаттай күткен, келмеген соң, досының заттарын қалдырып, кетіп қалған. Жас жігіт досының жоғалғаны туралы ешкімге хабарламаған. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлім еткендей, қазір құтқарушылар жігітті іздеп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Осы ретте Павлодар облыстық ПД 25 маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында жоғалған жас жігіт туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.


"Аталмыш факті тіркелді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. 18 жастағы жас жігітті іздеуге Павлодар облысы ПД барлық жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты