Ақмола облысында құтқарушылар жоғалған балықшылардың бірінің денесін тапты, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған kazlenta.kz
Ведомствоның мәліметінше, 1975 жылы туған ер адамның денесі Астана су қоймасынан табылған. Екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Айта кетейік, бұған дейін Теміртау қаласының тұрғыны Астана су қоймасының аумағына өзіммен бірге балық аулауға келген екі досының белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген еді.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамдар бір күн бұрын екі көлікпен келгенін анықтаған. 9 қазан күні олар су қоймасының жағасында болған, кешке полицияға хабар берген ер адам көліктердің біріне ұйықтауға кеткен, ал достары осы уақытта жағалауда қалған. 10 қазанда таңғы сағат 07.00 шамасында оянған ер адам жолдастарының, сондай-ақ қайықтың жоқ екенін көрген.
Ер адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтер және екі техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған.
12-10-2022, 10:08
Ақмола облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз