Жақындарының мәліметінше, Айзия 27 маусым күні Химпоселок шағын ауданындағы үйінен кешкі 19:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Үстінде ақ көйлегі, аяғында ақ кроссовкасы бар. Осы уақытқа дейін ешқандай хабар жоқ. Еріктілерден іздестіруге көмек сұраймыз", - дейді қыздың әпкесі Аружан Жахияева. Сондай-ақ желіде жасөспірім қыздың көше бойымен белгісіз жаққа қарай кетіп бара жатқан сәтінен видео тарады.
Бұл сәт көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Ең соңғы рет куәгерлер Айзияны 27 маусым күні сағат 19.55-те "Еламан" дүкенінде көрген. Полиция қазір жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"12 жастағы қыз 27 маусым күні кешкі сағат 19:20-да үйінен шығып кеткен. Үйінде ұрыс-керіс болмаған. Әлі табылмады, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Туыстыры Айзия Бахаева жайлы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, 102 немесе әпкесі Әсемгүлге 8700 099 29 01 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.
Материал авторы: Айгерім Сайқын