Жол апаты болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда көліктің ағашқа соғылып, зақымдалғанын көруге болады. Оқиға 13 қазанда Еңбекшіқазақ ауданында болған. Mercedes-Benz және Subaru Legacy көліктері соқтығысқан. Алматы облыстық полиция департаменті жол апатынан 6 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алғанын хабарлады. Белгілі болғандай, неміс көлігінің салонында 10 адам болған, оның жетеуі бала.
"Алдын ала мәлімет бойынша, "Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолының 69-шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 28 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru Legacy-мен жанамалап соқтығысқан, содан кейін рөлге бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Mercedes көлігінде болған алты адам оқиға орнында қаза тапты, оның төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Тағы төрт зардап шегуші түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды.