Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті бала зардап шекті

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан жеті бала мен үш ересек адам зардап шекті. Екі көліктің жүргізушілері де қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Жол көлік оқиғасы Нұра кентінен 4 шақырым жердегі Жараспай-Нұра тас жолында тіркелді. Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды. Автор апат салдарынан жеті бала мен олардың ата-аналары зардап шеккенін атап өткен.

Оның сөзінше, кейбірі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына 58 жастағы Honda Odyssey жүргізушісі себеп болған. Ол Жараспай-Нұра тасжолымен келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы бетке шығып, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан.

Неміс машинасын 25 жастағы жігіттің жүргізгені белгілі болды. "Жол апатынан оқиға орнында Honda Odyssey жүргізушісі көз жұмды. Volkswagen жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды. Golf жолаушылары: 33 және 37 жастағы ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың 11, 8, 7, 6, 5, 3, 2 жастағы балалары және 19 жастағы әйелдің ағасы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл фактіні тіркеп, тиісті сараптамаларды тағайындады. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда