Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентау кафесіндегі жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы Кентау қаласындағы кафеден келушілердің жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомство мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі Кентау полициясына қаладағы кафелердің бірінен тұрғындар жаппай уланып, ауруханаға түскені туралы хабарлаған. Аталған жайт бірден Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша ("Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Ведомство өкілдері қазіргі таңда тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, куәгерлерден жауап алып, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Дәмханадағы барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілген.

Одан бөлек тексеріс барысында тамақтану орнындағы қызметкердің бірқатарында медициналық кітапша болмағаны анықталған. Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі қазіргі уақытта дәмхана тамағынан уланған болуы мүмкін 98 тұрғын Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында, 70 адам үй жағдайында ем қабылдап жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Кентауда 100-ден аса адам астан уланғанына шағымданып, ауруханаға жүгінген еді. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты