Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентауда 100-ден аса адам астан уланды

Түркістан облысында 100-ден астам адам астан уланып қалды. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанованың айтуынша, астан уланғанына шағымданған жалпы 145 адам келіп, тіркелген. Оның 98-і ауруханаға жатқызылған. Яғни Түркістан қаласындағы ауруханаға 31 науқас, Кентау қаласындағы ауруханаға 67 науқас жатқызылған. Науқастардың арасында 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңда орташа ауыр. Сондай-ақ 47 науқас амбулаторлық деңгейде тексерілуге жіберілген.

Басылымның жазуынша, инфекцияның нақты қандай тағамнан тарағаны әзірге белгісіз. Барлық тағамнан зертханалық сынамалар алынған. Бұл жайттан кейін қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылған. Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастаған. Сондай-ақ Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен полиция бөлімі аталған нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кәсіпкердің қажетті санитарлық құжаттары мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамалары жоқ болып шыққан. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты