Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін

Маңғыстау облысында заңсыз ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін. Сот оларды жұмыстан шығаруға рұқсат берген, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Жедел жәрдем қызметкерлері алты күн бойы жұмысқа шықпаған. КТК арнасының мәліметінше, ереуілге шыққандар жалақы көтеруді, әлеуметтік пакетті және фельдшерлер мен жедел жәрдем бригадаларының санын көбейтуді талап еткен. Ал жұмысшылардың бұл әрекетімен келіспеген басшылық сотқа жүгінген. Телеарна хабарлауынша, сот істі зерттей келе, ереуілді заңсыз деп таныған. Өйткені наразы топ наразылыққа шықпастан бұрын басшылыққа ресми хат жолдамаған. Қызметкерлер ресми хат арқылы талаптарын, наразылықтың өтетін орны мен уақытын нақты көрсетуі керек болған.

"Қазіргі уақытта наразылық заңсыз деп танылды. Қызметкерлер жұмысқа келмей, наразылығын жалғастырған жағдайда тәртіптік жаза қолдану қарастырылады", - деді Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Рахымжан Бейсенов. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді