Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шықпай қойды

Ақтауда бүгін, 11 қыркүйекте облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушілері мен фельдшерлері жұмысқа шықпай қалды, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Басылымның хабарлауынша, жұмысшылар басшылықтан бірнеше мәрте жалақыны көтеруді сұраған. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Олар қазіргі таңда Ақтауда қауырт шақыртуларға қызмет көрсететін екі жедел жәрдем көлігі ғана жұмыс істейтінін атап өткен. Басшылық мәселені ертең шешуге уәде берген.

Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері оларға сенбейтінін айтуда. Бұл мәселеге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров пікір білдірген. "Маңғыстау облыстық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы" қызметкерлері үкіметтің №1193 қаулысына сәйкес еңбекақы төлемі жүйесі бойынша алады", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство мәліметінше, наурызда бақылау кеңесінің хаттамасы негізінде медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 10-40 мың теңге үстемақы төлеу туралы қорытынды жасалған.

"Еңбек шартына сәйкес жалақы ай сайын 10-на дейін төленеді. Қыркүйек айына дейін жалақының барлық төлемдері әр айдың 5-7-сі аралығында жүргізіліп келді. Тамыз айындағы үстеме ақымен толық жалақы төлеу 12.09.22 ж. жүзеге асырылады. 08:30-да кезекшілік ауысымға шықпау Еңбек кодексінің 176 бабы негізінде заңсыз болып табылады", - дейді басқарма басшысы Аманбек Жұмыров. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді