Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда тұрмыстық газ жарылысынан кейін 11 адам құтқарылды

20 желтоқсан 21-14-те Көкшетау қаласында Васильковский мөлтек ауданындағы көпқабатты үйде бірінші қабатта газ баллонның жарылды. Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршілер мен куәгерлер алты бала мен екі ересек адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.


Жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден төрт литрлік газ баллонын алып келген. Айта кету керек, көп қабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Үй иесінің неліктен үйге газ баллонды пәтерге кіргізгені анықталуда. Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жедел жәрдем көлігінде екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД 21 қызметкері, жеті техника, тоғыз полиция қызметкері және үш жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді.


ТЖМ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін ескертеді. Баллондарды толтыру тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде ғана жүзеге асыру қажет. Баллонды  суықтан жылуға кіргізуге болмайды. Газ көлемі жылыту құралдарының жанына қойғанда күрт ұлғаяды. Мұның салларынан жарылыс болуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді