Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда Кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы қабылданады

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасауда, деп хабарлады ведомство басшысы Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының онлайн-форматта өткізілген кеңейтілген жиналысында, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Біз экономиканың өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, IT, құрылыс, сауда және көлік тәрізді салаларында шағын және орта бизнесті дамытуда зор әлеуетті көріп отырмыз. Бұл әлеуетті іске асыру жаңа реттеушілік саясатты және өзара байланысты салалық саясат кешенін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендету, бәсекелестікті дамыту, көлеңкелі экономиканы 15% - ке дейін төмендету ықпал етпек. Мұның бәрі кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында жүйелендіріледі. Ұлттық экономика министрлігі бұл құжатты бизнеспен тығыз ынтымақтастықта қалыптастыру үстінде», - деді министр.


Әсет Ерғалиев, сондай-ақ министрлік экономика құрылымындағы ШОБ үлесінің өсуіне әсер ететін индикаторларға динамикалық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерліктің цифрлық картасын әзірлеп жатқанын хабарлады.  


«Бұл индикаторлар жылдар бойынша да, экономика салалары бойынша да декомпозицияланған. Бұдан әрі индикаторлар өңірлерге де бөлінеді», - деді ҰЭМ басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді