Батыс Қазақстан облысында "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде атқарылып, халыққа қызмет етуде. Бағдарамалар аясында көптеген кәсіпкер жобасы қолдау тауып, қазіргі таңда өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ресми өкілі Қабдығалиев Мейрам Жасланұлының хабарлауы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бағдардамасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттерден 1 765,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 532,4 млн. теңге, кредиттер бойынша кепілдік беруге 146,9 млн. теңге бөлінсе, гранттық қаржыландыруға 86,0 млн.теңге қарастырылған. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша тағы 1 891,3 млн. теңге бөлінген. Атап айтсақ несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1562,0 млн. теңге, несиелер бойынша кепілдік беруге 329,3 млн.теңге бөлінді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі 100% - ды құрап отыр. Ал 2021 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3 011,4 млн. теңге, кредиттер бойынша кепілдендіруге 1106,5 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға - 86,3 млн.теңге, жалпы алғанда 4,2 млрд. теңге бөлініп отыр.
Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі кредиттер жағдайы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі аясында 11,5 млрд.теңге кредиттер сомасына 598 жоба мақұлданған, жалпы субсидиялар төлемдері 1,5 млрд. теңгені құрады. Кредиттерді ішінара кепілдендіру шеңберінде 6,9 млрд.теңге кредиттер сомасы көлеміндегі 455 шартқа қол қойылды, кепілдіктерді төлеу 484,3 млн. теңгені қамтыды.
Мақұлданған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 есеге өскен. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2020 жылдың І жартыжылдығы 102 жұмыс орны тіркелсе, 2021 жылдың 6 айында 162 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл статистика 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,8%-ға жоғары.
"Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы да жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша "қарапайым заттар экономикасы" жобалық кеңсесі аясында 24 886,2 млн.теңге сомасына 240 жоба мақұлданған. 2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобалық кеңсе жалпы сомасы 41,7 млрд.теңгеге 300 жобаны сүйемелдейді, оның ішінде 30,2 млрд. теңге сомаға 260 жоба мақұлданды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мақұлданған жобалар санының өсуі 1,4 есеге өскенін көрсетеді. Ал мақұлданған жобалар сомасы тиісінше бойынша 2,5 есеге өскен. Яғни мақұлданған жобалар саны 181 жобаны құраса, қаражат көлемі 12,1 млрд. теңгені қамтып отыр.
Өңір бойынша сұранысқа ие болып, халық қызығушылығына бөленген бағдарламалардың тағы бірі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы республикалық бюджеттен қалалық жерлерге шағын несие беруге 500,0 млн.теңге бөлінген. Микрокредиттерді ішінара кепілдендіруге 36,0 млн. теңге бөлінді. Жалпы сомасы 500,0 млн.теңгеге 100%-ға игерілген 59 микрокредит берілді, 204,4 млн. теңге кредит сомасына 19 кепілдік беру шартына қол қойылды, ЖАО төлемдері 16,2 млн. теңгені құрап отыр. Ал ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қалалық жерлерде шағын несиелендіруге 500 млн.теңге бөлінді, бүгінгі күні жалпы сомасы 131,5 млн. теңгеге 12 шағын несие берілді.
Микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беруге 37,8 млн. теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2,2 млн.теңге кепілдік сомасына 28,0 млн. теңге несие сомасына 2 шартқа қол қойылды. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 43 425 бірлікті құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7% – ға артық. Өткен жылы ШОБ субъектілерінің саны 43 102 бірлікті құрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда ШОБ субъектілері 323,5 млрд. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ 98,0% - ды құрады. 2021 жылдың І жартыжылдығында ШОБ салық түсімдерінің көлемі шамамен 13 млрд. теңгені құрады. Жалпы осы жобалар аясында 1 146 жұмыс орны сақталған.
Орал қаласы