Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әсет Ерғалиев Үкіметте СҚО Кешенді дамыту жоспарын таныстырды

Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін 4 бағыттан және 87 іс-шарадан тұрады», - деді Әсет Ерғалиев.


Жоспарды жалпы іске асыру сомасы 1,8 трлн теңге, оның ішінде РБ – 517,9 млрд теңге, ЖБ – 43,9 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн теңге.


Ә.Ерғалиевтің дерегінше, АӨК, өнеркәсіп, көлік пен логистика, туризм мен спорт, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін 1,4 трлн теңге сомасындағы 64 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.


52 сүт-тауарлық ферма, 3 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы, құрама жем зауыты, жылыжай кешені және т.б. салынады. Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады. Әуе рейстерінің саны айына 16-дан 68-ге дейін артады. Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы көпсалалы туристік кешеннің құрылысы іске қосылған соң, туристер ағынын жылына 100 мыңнан 280 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік туады.


«БЖК-2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес субъектілеріне қажетті инфрақұрылым жүргізу көзделген.


«Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде барлық 307 тірек және серіктес ауылдарда жолдар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері және т.б. салынып, жөнделеді.


Бұдан өзге, 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 21,7 мың пәтер салынып, пайдалануға беріледі. Өңірдегі барлық қала, тірек және спутниктік ауылдар кеңжолақты интернетке қол жеткізеді. Шамамен 2100 шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту көзделуде. Бұл 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 98%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Облыстық көпбейінді аурухана, сондай-ақ аудан орталықтарында, тірек және серіктес ауылдық елдімекендерде 47 медициналық нысан салынады.


Үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою мақсатында 16 мектеп салынады. Сондай-ақ, ерекше білімге мұқтаж балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернатын салу жоспарлануда. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша жоғары оқу орны және академиялық артықшылық орталығы құрылатын болады. «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде ауылдық елдімекендерге жыл сайын 300-ге жуық әлеуметтік сала маманы келеді.


«Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 26 мың жаңа жұмыс орнын құруды, шамамен 1,3 трлн жеке инвестиция тартуды қамтамасыз етеді. Өңдеуші өнеркәсіп көлемі 25%-ке және ауыл шаруашылығы өнімі 54%-ке өседі. Халықтың нақты табысы мен еңбек өнімділігі 30%-ке артады. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде 2025 жылы ЖӨӨ-нің нақты өсімі 5,2%-ке артады», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын