Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында ұйықтап жатқан отбасыны тонамақ болғандар ұсталды

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов Келес ауданында түнгі уақытта өзгенің үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған ағайынды жігіттердің ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомстволық басылымның хабарлауынша, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қарақшылық шабуылдың құрбаны болғанын жеткізген. Ол түнгі сағат 02:00-де шырт ұйқыда жатқан кезде үйіне белгісіз екі ер адам кіргенін айтқан. Осы сәтте үй иесі оянып кетіп, күдіктілерден кім екенін сұраған. Алайда олардың бірі жәбірленушінің аузын жауып, дауыс шығармауына әрекет еткен. 

Осы сәтте үй иесінің әйелі оянып кетіп, күйеуіне қауіп төндірген күдіктіге жармасқан. Осындай арпалыс кезінде күдіктілердің бірі қолындағы пневматикалық қарумен оқ атып, үйден қашып кетеді. Нәтижесінде үй иесі жарақат алады. Медиа-порталдың хабарлауынша, шырт ұйқыда жатқан отбасының тыныштығын бұзып, қарумен қылмыс жасаған күдіктілерді ұстауға тез арада Криминалдық полиция басқармасы мен Келес ауданының тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Шара нәтижесінде жедел уәкілдер күдікті екі ер адамның жеке басын анықтаған. 

"Келес ауданының тұрғындары бір-бірімен туыс, жұмыссыз жас жігіттер болып шықты. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде күдіктілерден айғақты зат ретінде пневматикалық қару тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады